Туған әкесі көшеде тепкілеген бала: Әкемді сағындым

/uploads/thumbnail/20171206082822777_small.png

Серуен кезінде туған әкесі тепкен бала әкесін сағынып жүр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Кыргызстан-ға сілтеме жасап. Бұл туралы Октябрь ауданының әлуеметтік даму басқармасының басшысы Рейна Сұлтанмұратова айтты.

Өткен сот отырысында депутат Наталья Никитенко 2 жастағы баланың анасы күйеуін жазаламауды сұрағанын айтқан.

«Әйел күйеуін жазадаудан айнып қалды. Ер адамға қатысты жаза қолданып, ата-ана құқығынан айырмауды сұрап отыр. Оныі сөзінше, бала әкесіне өте жақын және оны сағынып жүр. Баласы әкесін үйге қайтуды сұрайды» деп 2 жастағы баланың сөзін жеткізді депутат.

Депутат ІІМ-ге ер адамды жазасыз қалдырмай, заң бойынша барлық тиісті шараларды қабылдауды сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, 2-ші желтоқсанда желіде ер адамның кішкентай баланы тепкен видеосы жарияланды. Құқыққорғау органдары баланы тепкен ер адамның баланың туған әкесі екенін анықтаған. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Баланың анасы күйеуін тек ата-ана құқығынан айыруды сұраған.

Қатысты Мақалалар