БАҚ: АҚШ Солтүстік Кореяға қарсы әскери шабуыл жасамақ

/uploads/thumbnail/20170817093344409_small.jpg

АҚШ Солтүстік Кореяға қарсы әскери шабуыл жасаудың жоспарына кірісіп кетті. Бұл туралы The Daily Telegraph басылымы хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Пентагон Солтүстік кореялықтарға қалжыңдап жүрмегендерін түсіндіру үшін, әскери шабуыл жасаудың түрлі нұсқаларын қарастыруда», - деді америкалық қауіпсіздік органының бұрынғы қызметкері.

Басылымның мәліметінше, Ақ үй соңғы айда Корей жарты аралының ядролық мәселесіне нүкте қою мақсатында әскери шабуылға дайындығын күшейткен.

Күш көрсету сценарийінің нұсқаларының бірі – Пхеньян кезекті зымыранын сынақтан өткізбей тұрып, қару жарағы сақталған қоймасымен қоса ұшыру алаңын құрту.

Айта кетейік, бұдан бұрын КХДР «Трамп бізді ядролық соғысқа шақырды» деп мәлімдеген.

Қатысты Мақалалар