Шетелдік банк Қазақстанның Ұлттық қор активтерін бұғаттады

/uploads/thumbnail/20170803152659321_small.jpg

БАҚ-тың мәліметінше, бұғатталған сомма Ұлттық қордың  барлық қаржысының 40% құрайды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 4-traders.com-ға сілтеме жасап.

Нью-Йорк банкі (BNY Mellon) $22 миллиард көлеміндегі Қазақстанның Ұлттық қор активтерін бұғаттады. Оған молдавиялық кәсіпкер Анатолий Статидің шағымы мен оның Қазақстан үкіметіне қарсы компаниялары  себеп болған.

Қазақстанның Ұлттық банкі  BNY Mellon-ға қарсы арызданды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, британдық сот аталмыш іске қатысты шешімді бейсенбіде шығаруы қажет.

Бұған дейін БАҚ-та Еуропада Қазақстанға тиесілі, бірақ шетелде тіркелген компанияларға  сот шешімімен шоттары бұғатталған.

Амстердам соты америкалық банктің голландиялық филиалына берілген Қазақстанның Ұлттық қорының қаржысын бұғаттауға рұқсат берді. Әділет министрлігінің мәліметінше, соңғы 4 жылда Қазақстан бірнеше шетелдік сот процестеріне тартылды. Оған Молдова азаматы Анатоли Стати және оның баласы Габриэль Статидің  арызы себеп.

Қатысты Мақалалар