Әйелдер үшін қауіпті елдердің тізімі жарияланды — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
5-орын: Орталық Африка Республикасы. 2012 жылы аталған елде азаматтық соғыс басталды. Қазір елді уақытша үкімет басқаруда. Соғысқа дейін Орталық Африка Республикасы әйелдердің өлім көрсеткіші бойынша 3-ші орында тұрған, Қазір де жағдай жақсарып тұрған жоқ. Бұл елде әйел адамды бақсылығы үшін соттап, тіпті зорлап, құл ретінде сата алады.
4-орын: Пәкістан. 2011 жылы 1000-ға жуық әйелді өзінің жақыны өлтіргені белгілі болды. Аталған қылмысты жергілікті тұрғындар намыс үшін өлтіру деп түсінеді. Егер әйел адам отбасының атына кір келтірген болса оны өзінің жақын туыстары өлтіреді. Бұл құбылыс әлі де жалғасып келеді. Пәкістандық әйелдердің 90%-ы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болып табылады.
3-орын: Йемен. Йемендегі әйелдердің көбісі сауатсыз және шариғат талабын орындауға мәжбүр болады. Сонымен бірге әйелдердің 99%-ы көшедегі зорлықтың құрбаны болғаны анықталған. Ең сорақысы аталған елде кәмелетке толмаған жас қыздарды ата-анасы ақша үшін күйеуге береді. 10 жастағы қызды өзінің еркінен тыс күйеуге береді, ал 14 жасында қыздардың көпшілігі ана атанады.
2-орын: Сирия. Бұл елдегі соғыс әйелдердің жағдайын одан сайын төмендетті. Бұл елде де ерте тұрмыс құру әлі күнге дейін жалғасып келеді. Сонымен бірге әйелдерді соғыс кезінде жанкешті лаңкес ретінде қолданады. Оларды соғыс кезінде түрлі топтар ұрлап ойына келгенін істейді.
1-орын: Ауғанстан. Бұл елдегі әйелдердің 90%-ы физикалық, сексуалдық және психолоғиялық зорлықтың құрбаны екені анықталған. Қыздарды өз еркінен тыс күйеуге беру кең таралған. Ауғанстандық әйелдер орташа есеппен алғанда 44 жыл ғана өмір сүреді.