Байқоңырдан ұшырылған Ангола спутнигімен байланыс үзілген

/uploads/thumbnail/20171227173140292_small.jpg

26 желтоқсанда Байқоңырдан ұшырылған Анголаның «Ангосат» спутнигімен байланыс әзірге жолға қойылмай жатыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Ангосат» спутнигімен әзірге байланыс орнаған жоқ, жағдайдың себептерін анықтап жатырмыз»,-деді агенттікке сұхбат берген адам.

ТАСС таратқан ақпарат  әлі ресми нақтыланған жоқ, себебі сұхбат берген маман жағдайдың толығымен түсіндіріп бермеген.

Естеріңізге сала кетейік,  26 желтоқсанда сағат 22:00-де «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Зенит-S2Б» зымыран тасығышпен «Ангосат» ғарыштық аппараты штаттық режімде ұшырылды. 27 желтоқсан күні 06:54-те аппарат жеделдету блогынан ажырады. 

Қатысты Мақалалар