27 желтоқсанда сағат 13.13 шамасында Щучинск қаласында төтенше жағдай орын алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Бурабай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Кокшетау Энерго" ЖШС-ға тиесілі қазандық құлады. Төтенше жағдай нәтижесінде 1 адам көз жұмды. Онда 2013-2014 жылғы 3 қазандық орнатылған. Жылыту мезгіліне паспорт та бар. Қазандық өндіріс базасын, «Медикус» ЖШС ғимаратын және 5 тұрғын үйге қызмет көрсетеді.
Бурабай ауданындағы төтенше жағдайға байланысты Ақмола облысы әкімі В.Л.Крыловтың басшылығымен шұғыл жиналыс өтті. Онда халықты уақытша орналастыру пунктерін дайындау, халықты ақпараттандыру жұмыстары талқыланды.