АҚШ президенті Дональд Трамп КХДР басшысы Ким Чен Ынға жауап қайтарды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, АҚШ-та да ядролық нүкте бар.
"Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын жұмыс үстелінің үстінде ядролық нүкте түймешік тұрғанын мәлімдеді. Ядролық түймешік менде де бар, әрі КХДР-дан үлкен және күштірек. Осыны Ким Чен Ынға біріңіз барып түсіндірсеңіздер", - деп жазды Трамп Твиттердегі парақшасына.
Айта кетейік, бұдан бұрын КХДР басшысы Ким Чен Ын халықты Жаңа жылмен құттықтай отырып, кез келген уақытта үстелінің үстінде тұрған ядролық түймешікті баса алатынын ескерткен. АҚШ-тың шамасы Солтүстік Кореяға жетпейтінін де айтты.
Пікір қалдыру