Әлеуметтік желіде елміздің танымал әншісі Жұлдыз Өмірғалидың сәбимен түскен видеосы пайда болды, - деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Жұлдыз Өмірғалидың сәбимен жүрген видеосын атышулы Баян Алагөзова өзінің инстаграм парақшасына жариялады. Қазақстандық жұлдыздар біразы бірге демалған болатын. Олардың ішінде Жұлдыз Өмірғали, Баян Есентаева, Ернар Айдар, тағы басқа танымал жұлдыздар бар. Баян Алагөзова видеоға Ернар Айдар мен оның әйелін түсірген. Аталған видеодан Жұлдыз Өмірғалидың сәбимен жүргенін байқауға болады.




Айта кететін болсақ, әлеуметтік желіде Жұлдыз Өмірғаали мен Айқын Төлепбергеннің ұлы бар деген ақпарат тараған болатын.