Нұрлан Оразалин: Ерлан сатқындықтың құрбаны болып отыр

/uploads/thumbnail/20180108123100380_small.jpg

Пара алып ұсталды деген айып тағылған Ерлан Біләлдің ісіне қатысты Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин пікірін білдірді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  "Ерлан біреуге сеніп, құрбан болып отыр" деп атап өтті төраға.

Жазушылар одағының төрағасы, қоғам қайраткері, қаламгер бұл жайында бүгін Алматы қаласында өткен баспасөз конференциясында айтты.

Нұрлан Оразалин

 "Осы театрымыздың бас иесі ретінде, кешегі алыптарымызды көрген, арыстарымыздың алдынан дәріс алған ұлттың ұлы ордасын XXI ғасырдағы жаңа буынға, жаңа ұрпаққа аман-есен тапсырсақ деп жұмыс істеп жүрген ақсақалымыз Асекең телеарнадан жөн сөзін айтты. Біз Ерланды білетін адамбыз, мен оны ең алғашқы рөлінен бастап, театр өнеріне қалай келгенін білемін, Алладан біткен ғажап талантына қуанып жүретін ағаларының бірі едім. Ерлан көз алдымызда өсті. Ерлан біреудің ала жібін аттады дегенді Атырау мен Алтайдың арасында жатқан 70 театр қауымы сенбейді. Ерлан таза қалпы, өзінің ақкөңіл болмысымен, сенгіштігімен құрбан болып отырған секілді. Талант тәңірден дейді, талант ұлттың, халықтың қазына байлығы. Өнерде құбылыс болып бағаланған, жүйірік актеріміздің бізді қиындыққа душар етіп отырғаны жанымызға батады. Заңның алдында бәріміз бірдейміз. Бірақ заң бар екен деп демалыста жүрген театрды қолмен сценарий жасап осындай жағдайға душар ету кісіліктің тұрғысынан да, өмір тіршіліктің тұрғысынан да көңілге қона қоятын нәрсе емес. ", - дейді ол.

Еске сала кетер болсақ, М.Әуезов атындағы драма театрының директоры Ерлан Біләл 1,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген айыппен ұсталған болатын.

Қатысты Мақалалар