Түркіменстанда әйелдерге қатысты қатаң заң күшіне енді

/uploads/thumbnail/20180108124742905_small.jpg

Түркіменстанда 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап әйелдерге көлік жүргізуге тыйым салынды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі centralasian.org-қа сілтеме жасап. Желтоқсанда инспекция қызметкерлері заңды бұзған әйелдерге бастапқы кезде ескерту жасаған. Одан кейін айыппұл салынды.

Ақпанда полицейлер көлікті тізгендеген әйелдердің куәлігін тартып алып, көлігін айыппұл алаңына жіберген.

«Бастапқы кезде бұл ақпаратты қалжың ретінде қабылдадым. Бірақ оның растығына көз жеткіздім. Қазір әйелдер көлік жүргізуге қорқып қалды. Сондықтан оларды күйеулері қажетті жерге жеткізіп жүр» дейді Ашхабад тұрғыны.

Жұмысқа өз көлігімен келетін мемлекеттік мекеме қызметкерлерінен «рөлге отырмаймын» деген қолхат алып алған.

5-ші желтоқсанда ІІМ Исгендер Муликов Түркменстан президентіне жол апаты турасында ақпарат жеткізген. Оған сәйкес, жол апаты көбіне әйелдердің кесірінен болады екен. Президент министрге «жағдайды түзеуге» тапсырма берді.

Қатысты Мақалалар