Қазақстан IRENA Ассамблеясының VIII сессиясының жұмысына қатысады

/uploads/thumbnail/20171128125400752_small.jpg

Қазақстан Республикасы (ҚР) Энергетика министрі (ЭМ) Қанат Бозымбаев бастаған Қазақстан делегациясы Абу-Дабиде (Біріккен Араб Әмірліктері) 13-14 қаңтарда өтетін Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттік (IRENA - International Renewable Energy Agency) Ассамблеясының VIII сессиясының жұмысына қатысады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Қанат Бозымбаев IRENA Ассамблеясының VIII сессиясының пленарлық отырысында сөз сөйлейді деп күтілуде.

Сонымен қатар, Ассамблея сессиясының алаңында ОҚО Арыс қаласындағы күн электр станциясының (14 МВт) құрылысы бойынша «Задарья» жобасын қолдау бойынша ҚР ЭМ, Еуропалық қайта құру және даму банкі және «URBASOLAR» арасында келісімге қол қойылады деп күтілуде.

Ассамблея сессиясының жұмысы аясында министрліктің бірнеше тақырып бойынша дөңгелек үстелдері ұйымдастырылады: «Энергия трансформациясының жаһандық үдеткіші: жаңартылатын энергия көздеріне ауқымды инвестициялар», «Энергияны жаңартуға арналған инновациялар: электронды мобильділік».

Сондай-ақ, Қ.Бозымбаевтың IRENA Бас директоры Аднан Зе Амин мырзамен, Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика және өнеркәсіп министрі С. Аль-Мазруи мырзамен және «Mubadala Investment Company» мемлекеттік инвестициялық компаниясының мұнай-газ және мұнайхимиялық жобалары жөніндегі бас атқарушы директоры, «Borealis AG» компаниясының қадағалау кеңесінің мүшесі Мусаббех әл-Кааби мырзамен жеке кездесулері күтілуде.

IRENA Ассамблеясының 8-ші сессиясының жұмысы аясында ADFD/IRENA жобаларын қаржыландырудың VI циклына қатысу мүмкіндігі қарастырылуда.

Қазақстан делегациясы сонымен қатар 15 қаңтарда Абу-Дабиде өтетін «Болашақтың энергиясы» атты XI Дүниежүзілік саммитінің ашылу салтанатына және «Zayed Future Energy Prize» халықаралық сыйлығының тапсыру салтанатына да қатысуға ниетті, сондай-ақ осының аясында халықаралық көрмеге және қазақстандық павильонның жұмысымен танысады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар