Ісіңді ел ұнатса үш жүздің жүрегінде қаласың...

/uploads/thumbnail/20180109105731442_small.jpg


Абылай сұлтан боп тұрған кезінде таң ата түс көріп, шошып оянады. Ұзақ тебіреніп отырып түсін жору үшін Бұқар Жырауды алдырады. Қонақты күтіп болып,ақырын түсін айтып былай деп баяндайды.
Табытта жатыр екенмін, басымда үш тобыр жұрт туға таласып жатыр екен.Оң жағымда айдаҺар ысқырып, сол жағымда аю ақырып мазамды алып жатыр. Бас жағымда Уәлиден тараған бір ұрпағым құран оқып жатса, аяқ жағымда Қасымнан тараған бір ұрпағым қылышын жалаңдатып мені қорғап тұр екен.Ал мен болсам өліп бара жатсам да, екі жағымдағынан қалай құтылсам екен деп жанталасудамын. Осыны жорып беріңізші дейді ғой.
Сонда Бұхар жырау терең ойланып отырып, күрсініп былай деген екен.
Қырыққа келмей табытта жатсаң, көп ұзамай үш жүзге хан болады екенсің. Хан атына ие болсаң да, халқыңа ие бола алмайды екенсің, сен өлген соң үш жаққа тарап кетеді екен.Туға таласуы соның белгісі. Ал еліңнің екі бүйіріндегі алып екі елге (Ресей, Қытай) жалтақтаумен өтеді екенсің. Ал бас жағыңда отырған Уалиден тараған бір ұрпағың (Шоқан Уалиханов) атын қағазда, аяқ жағыңда қылышын жалаңдатқан Қасымнан тараған бір ұрпағың (Кенесары Қасымұлы) атын майданда қалдырады екен дейді. Абылай сонда: мен өзім қайда қаламын : Ісіңді ел ұнатса үш жүздің жүрегінде қаласың дейді. "Халқыма адал қызмет етемін",-  деп орнынан қарғып тұрып, шапанын серпіп тастап жүре берді Абылай.

Арай Оразов

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар