Астана әкімі Әсет Исекешев елордадағы жоғары оқу орындарының бірінің жатақханасын қандала басып қалғаны жайлы шағым түскеннен кейін бұл проблеманы шешуге уәде берді Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
"Менің сіңлім медициналық университетке түсіп, қатты қуанып еді. Жатақханаға орналасқаннан кейін қуанышы су сепкендей басылды. Ұйқыға жатқанда өзін жайсыз сезінетін болған. Таңертең денесінің барлығы қышитын көрінеді. Көп уақыт неден екенін білмей жүрген. Ақыр соңында төсегінен қандала тауып алған", — деп жазды Айна Мұқашева атты қолданушы Facebook-те.
Шағымға Астана әкімі Әсет Исекешев жауап қайтарды. Ол бұл проблеманы ЖОО-ның жатақханасында ғана емес, Астана бойынша шешуді тапсыратынын хабарлады.
Пікір қалдыру