Танымал журналист, тележүргізуші, "Менің екінші кітабым", "Әйел бақыты" кітаптарының авторы Ләйлә Сұлтанқызы зорлыққа ұшыраған қазақ қыздарын көмек сұраудан ұялмауға шықырды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"1944 жылы Риси Тейлор есімді әйел Американың Алабама штатында орналасқан Аббевил қаласында шіркеуден үйіне қайтып келе жатқанда жолда 6 еркек зорлайды. Айтсаң өлтіреміз деп қоқытады. Жігіттер сол беті жазаға тартылған жоқ. Риси осыдан 2 апта бұрын 98 жасанды көз жұмды". Бұл "Golden Globes 2018" марапаттау рәсімінде белгілі тележүргізуші Опра Уинфридің 9 минуттық сөзінен үзінді... Менің байқағаным, Алабама штаты болсын, Созақ ауданы болсын әйелдердің тағдыры бір. Америкада да, Қазақстанда да мұндай сұмдықты басынан кешірген, кешіріп жатқан әйелдер қаншама. Біз үндемейміз? Үндемеуге тырысамыз, бірақ бәріміз емес! Неге зорлыққа жол береміз? Неге өзімізді қорғамаймыз? Неге бізді ешкім қорғамайды? Неге біз нәзік жан емес, әлсіз жан болдық? Опра айтпақшы, шындық - біздің ең мықты қаруымыз. Опра және басқа да Голливуд жұздыздары дәл қазір әлем бойыша өтіп жатқан Time is Up (Уақыт аяқталды) ұйымын қолдауда. Бұл ұйым зорлыққа ұшыраған әйелдерге заңды көмек көрсететін дүниежүзілік ұйым. Күн сайын өз өмірінде болған осындай жағдайды жасырмай айтып, зорлыққа қарсы екенін білдіріп жатқан әйелдердің саны өсуде. Мүмкін біз де, қазақтың әйелдері, Time is Up now деуіміз керек шығар?
Мен де "көмек сұрамайтын" уақыттың аяқталғанына сенемін. Әйелдерді ешкім естімеген уақыт, сексуальды харрасментті шыдаған уақыт, зорланған уақыт, ешкімге айта алмаған уақыт. Бітті...
Тағы да Опраның сөзі, біз бұл әйелдердің кім екенін білмейміз, білмей өтуіміз де мүмкін. Ал бұл менің сөзім, сіздің есіміңізді білмеуіміз де мүмкін(ол маңызды емес!) бірақ бастысы көмек сұраудан ұялмауың керек, қазақ қызы" деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
Пікір қалдыру