Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев өзінің Facebook-тағы парақшасында Ұлттық бюродағы жаңа тағайындаулар жайында хабарлап, жаңа көмекшісін таныстырды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Бүгін аппарат жиналысында заңнама мәселелері бойынша жаңа көмекшім Хакім Құшқалиевті ұжымға таныстырдым. Ол ұзақ жылдар бойы прокуратура органдарында түрлі басшылық қызметтерді атқарды, Парламент Мәжілісінің депутаттығына сайланды, Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі болды», - деді Алик Шпекбаев.
Оның айтуынша, Ұлттық бюрода екі бірдей жаңа тағайындау жасалған.
«Ішкі қауіпсіздік басқармасының жетекшісі болып ұлттық қауіпсіздік подполковнигі Баянғазин Ернар, Тергеу департаменті жетекшісінің орынбасары болып ішкі істер орындарында 20 жылдық тәжірибесі бар Жұмағали Асхат тағайындалды. Достар, Агенттіктегі жаңа тұлғаларды алдағы уақытта да сіздерге таныстыра беремін», - деді Алик Шпекбаев.
Пікір қалдыру