Белгіленбеген орындарда намаз оқығаныңыз үшін 200 МРП (481 мың теңге) -ға дейін айыппұл төлейсіз. Бұл туралы Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Қахарман Мусаев хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі КазТАГ мәліметіне сүйеніп.
2017 жылы Атыраудағы қоғамдық бірлестіктердің біріне белгісіз жерде оқылған жұма намазы үщін айыппұл салынған.
«Бұл бұзушылық. Бірлестікке 453 мың теңгеге дейін айыппұл салынды. Сондай-ақ сот шешімімен қауымдастықтың қызметі үш айға дейін тоқтатылды», - деді Атырау облысы дін істері басқармасының бастығы Қахарман Мұсаев.
Қахарман Мұсаевтың айтуынша, қазіргі уақытта Атырау облысында мешіттерден өзге намазға арналған үш орын бар. Оның бірі «Дина» базарында, ал қалған екеуі сауда орталығында.
«ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы, атап айтқанда діни салт-жораларды, рәсімдер мен жиналыстарды рұқсат етілмеген жерлерде өткізу» ҚР Әкімшілік кодексінің 490-бабының 1-тармағына сәйкес айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылуға әкеп соғады
ҚазТАГ-тың мәліметінше, бұдан бұрын қазақстандық имам қоғамдық мекемелердің ауласында намаз оқуды ислам емес, көзбояушылық деп атаған. Имамның бұлай айтуына Ақтөбедегі мектептің ауласында намаз оқыған төрт әйелдің әрекеті себеп болған.
«Бұл ислам емес, жай ғана елге көрсету. Көшеде, аулада бұлай намаз оқуға тыйым салынады. Болмайды. Мұны соңы бүлікпен аяқталады», - деген еді әйелдердің акциясына қатысты имам Болатбек Нұрманов.
Пікір қалдыру