Қыздары орамал тағып, хиджаб киетін ата-аналар демеуші тауып, жеке мектеп аша алады. Бұл туралы дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасай отырып.
Осы орайда министр Ақтөбеде мектеп маңында намаз оқыған әйелдердің әрекетіне қатысты түсініктеме берді. Айтуынша, олармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
«Кез келген жерде намаз оқу Құранның да, шариғаттың да талаптарына сәйкес келмейді. Заңда діни рәсімдер, құлшылық ету арнайы орындарда жасалу керектігі айқын көрсетілген. Жалпы нормативтік-құқықтық актіні бұзғаны үшін жауапты тұлғаларға 10-нан 20 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. Бірақ Ақтөбедегі 3-4 әйелдің жазаланатын-жазаланбайтынын айту қиын. Бірақ олармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бірақ, менің ойымша, көшеде намаз оқу бұл дұрыс емес», — деді министр.
Пікір қалдыру