Абу-Даби қаласында қаңтардың 15 мен 18 аралығында XI Дүниежүзілік «Болашақтың энергиясы» саммиті өтіп жатыр. Ауқымды шараға 26 мыңнан астам адам қатысып, 20 елдің павильоны мен 650 компаниялар экспоненті ұсынылды.
Саммит жұмысына ҚР энергетика Министрі Қанат Бозымбаев пен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ербол Шорманов қатысты.
Көрмеге «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ ұйымдастырған жалпы аумағы 195 шаршы метрді құрайтын Қазақстан павильоны қойылған.
– Павильонда елімізде іске асырылып жатқан, соның ішінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы, сондай-ақ жаңғыртылатын энергия көздері саласындағы жобалар мен көлік-логистикалық инфрақұрылым саласындағы бірқатар ауқымды жобалар қойылған», – деп атап өтті Е. Шорманов.
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ саммитке жыл сайын қатысады. Қазақстан үшін бұл – баламалы энергетика саласындағы сұрақтарды талқылайтын алаң, сонымен қатар, елімізге инвистициялар тартуда да маңызды.
Іс-шарада энергетика саласындағы соңғы әлемдік трендтер мен инновациялық жобалармен танысу мүмкіндігі бар.
Пікір қалдыру