Мектеп басшылығы хиджабты қай жастан бастап киюге рұқсат екенін айтты

/uploads/thumbnail/20171206123750202_small.jpg

Ұлыбританиядағы танымал мектептердің бірі мұсылман оқушыларға қатысты шешім шығарды, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі islamnews.ru сайтына сілтеме жасай отырып.

Лондон қаласының шығысында орналасқан Стивен атындағы мектеп мұсылман оқушыларға 8 жастан бастап ауыз бекітіп, хиджаб киюге рұқсат берді.

«Біз ауыз бекітуге тыйым салмаймыз, тек 8 жасқа толмаған мектеп оқушыларына демалыс кезінде ғана ауыз бекітуі керектігін ескертеміз. Себебі біз олар мектепте жүргенде оқушылардың денсаулығына жауаптымыз. Егер оқушы ауыз бекіткендіктен талып, құлап қалған жағдайда біз жауап беретін боламыз және бұл бізге жасалған әділетсіздік болып саналады», дейді мектеп басшылығы.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар