Ресейдегі Ярослав облысында Вятское ауылының мектеп ғимаратына қазақ халқының даңқты қызы, снайпер Әлия Молдағұловаға арнап мемориалдық тақта ілінді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ресейдегі Қазақстан елшілігіне сілтеме жасап.
Әлия 1942 жылы Ленинград қоршауындағы балалар үйімен Вятское кентіне келіп, сонда 7 ай тұрды, жергілікті мектептен білім алды.

Шараға жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Тарихи-мәдени «Вятское» кешеніндегі кештер өтетін залда ауыл оқушыларының орындауында Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған әдеби-музыкалық ән шырқалды. Қазақ тіліндегі «Әлия» әні де көрермендерді ерекше әсерге бөлеген. Әнді Ф. Волков атындағы Ярослав мемлекеттік академиялық театрдың әртісі Әнуар Сұлтанов орындады.

Еске алу шарасы барысында мәскеулік тарихшы Дарья Тимошенконың «Әлияның соңғы шайқасы» атты кітабы таныстырылды.

Әлия Молдағұлова атындағы ақтөбелік мемориалдық музейінің видео хабарламасы көрермендер үшін күтпеген тосын сый болды.