Еліміздегі ұялы байланыс операторларының тарифтері қаншалықты арзан?

/uploads/thumbnail/20180116182802754_small.jpg

Қазақстандағы байланыс операторларының тарифі әлемдегі ең арзан тарифтер қатарына кіреді.
iKS-Consulting талдау агенттігі ТМД елдері ішінде Ресей мен Қазақстанда байланыс операторлар қызметі ең арзан деген қорытындыға келген. Қазақстандық операторлар тұтынушыларға қызметі мен бағасы жағынан ерекшеленетін әртүрлі тариф пакеттерін ұсынады. Осыған қарамастан, тұтынушылар тарапынан тарифтердің қымбаттығы туралы көп шағымдар естиміз. Абоненттер арасында ұялы байлaныс қызметін қымбатсынатындар аз емес. Тіпті, тұтынушылардың көпшілгі бір ғана оператормен шектеліп қоймай, бірнеше байналыс операторларын қолданады. Оның себебі де жоқ емес.

Қазақстанда ұялы байланыс операторлары тарифтерінің бағасы қандай?

Жақында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев еліміздегі ұялы байланыс операторларының тарифтік бағаларының төмендейтінін мәлімдеген болатын.

«Ұялы байланыс операторлары үшін инфрақұрылымға 30 пайызға дейінгі шығынды қысқартудамыз. Бұл өз кезегінде ауылды жерлерде ұялы байланыстың сапасын жақсартуға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Осы орайда бәсекелестік, тұрғындар үшін сапалы байланыс пен арзан тарифті таңдауға жол ашылады. Біз ұялы байланыс операторларына жеңілдік жасап жатырмыз. Бұл ретте біз сапаны жақсарту мен тарифтерді төмендетуді талап ете аламыз»-деп уәде еткен еді министр.

Қазіргі уақытта Қазақстандағы ұялы байланыс нарығының 80 пайызын Kcell мен  Beeline операторлары иеленіп отыр. Ұялы байланыс нарығында халықтың сұранысын қанағаттандырып отырған жоғарыдағы екі байланыс операторларының бәсекелесі  — Теле2 мен Алтел.

Қазақстандағы ең арзан байланыс операторы қандай?

Қазіргі уақытта Қазақстандағы ең арзан байланыс операторы Теле2 болып отыр. Оны ComNewsResearch талдау агенттігі өзінің зерттеулерінде бірінше рет дәлелдеген. Теле2-нің біршама артықшылықтары мен арзан бағасына қарамастан, кемшіліктері де жетерлік.

1.Қала орталығынан алыс ауыл-аймақтарда, кейде тіпті қаланың шетінде, орталығында  Теле-2 сигналы ұстамай абонеттерін ыңғайсыз жағдайға қалдырып жатады. Бағасы жағынан тарифтері қолжетімді болғанымен, алыс сапарға шықанда Теле2 жақсы «серік» болмауы мүмкін. Тіпті, интернет жиілігінің сапасына да мін тақпау қиын. 4G/3G технологиясы қамтылған болса да, интернет жылдамдығы нашарлау екенін мойындау керек.  Осыған байланысты тұтынушылар бағасы жағынан қолжетімді Tele2  мен қоса, сапалы интернет қызметін ұсынатын басқа да операторларды қолдануға мәжбүр.

2011 жылы Қазақстан нарығына Теле2  ұялы байланыс операторы келгеннен кейін байланыс тарифтерінің бағасы әлдеқайда төмендеген. 

 

TELE2

Tele2 операторы  қала нөмірлеріне шығыс қоңыраулардың  1 минуты - 11 теңге

Өз абонененттеріне төмендегідей тарифтік жоспарлар ұсынады:

теле2

теле

Ең арзан тарифтік жоспар "Кәдімгідей старт" - 1190 тг

 ALTEL нөмірлеріне, ҚР басқа ұялы операторларының желілеріне шығыс қоңырауларына  80 минут тегін және 5GB интернет трафик беріледі.
 
 BEELINE
 
«КаР-Тел»  операторының Beeline бренді өз абоненттеріне төмендегідей тарифтік жоспарлар ұсынады:
 
бил
 
би
 
билайн
 
билайн
Beeline байланыс операторы Қазақстанның көп өңірін қамтыған. Tele2, Altel сияқты кей аймақтарда нашар  жұмыс істейтін байлыныс операторларына қарағанда Beeline желісі әлдеқайда белсендірек екенін байқауға болады. Сондықтан дәл осы байланыс операторы аймақтар мен облыстарда тұратын тұтынушыларға ыңғайлы.
 
 
KCELL
 
Kcell ұялы байланыс операторында қазіргі уақытта "Мобильді орта" және "Престиж" тарифтері жұмыс істейді.
 
кселл
 
 
пресииж
кслео
 
Қазақстандағы байланыс құны ең қымбат операторлар көшін  Kcell бастап келе жатыр. Желі ішіндегі шығыс байланыс құны  барлық қазақстандық операторлардың көпшілігінде бірдей 11 теңге. Алайда, тарифтік жоспарлар ішінде Kcell операторы едәуір қымбаттығымен ерекшеленеді. Мұндағы ең арзан тарифтік жоспар 2900 теңге.
 
ALTEL
 
алтел
Altel байланыс операторы өзге операторларды өзінің интернетінің жылдамдығымен басып озатынын айта кеткен жөн. 
 
Қазақстандық тұтынушылар  үшін қандай да бір байланыс операторының тиімді екенін айту қиын. Tele2 бағасының тиімділігімен ұтса, сапасы жағынан басқа операторларға жол береді. Интернет жиілігінің төмендігін, елдің барлық өңірін толық қамтып үлгермегенін ескерсек, кемшіліктері бар.
Десе де, Қазақстан нарығында белсенділігін арттырып келе жатқан  Tele2 операторын қолданушылар саны күн санап көбейіп келеді. 
Ал, министрліктің ұялы операторлардың байланыс құнын  төмендету талабына, компаниялардың келісу не келіспеуі екіталай, себебі бағаға көптеген факторлар әсер етеді.
 
 
 

Қатысты Мақалалар