Бүгін сағат 21.30-да «Хабар» арнасында «Тасөткел» телехикаясы басталады

/uploads/thumbnail/20180116184239034_small.jpg

Телехикаяда XX ғасырдың алғашқы жартысында ұжымдастырудың қиындықтарын өз бастарынан өткерген отандастарымыздың тағдыры суреттеледі.

Шынайы оқиғаға негізделген картинада бала күнінде Ауған асып, өзге елден пана іздеуге мәжбүр болған Қасым деген қазақ жігіттің өмірі баяналады.

Ауғанстандағы саяси тұрақсыздық барысында басты кейіпкер Түркия еліне өтіп, отбасын құрып, сол жақта тұрақтайды. Бірақ оның бар өкініші өзінің кім екенін ұмытып қалуында еді. Ұзақ жылдардан кейін қазақтың құдіретті күйінің күмбірін естіп, жадынан өшкені қайта оралып, туған жерге табан тірегісі келеді.

Телехикая «Хабар» телеарнасында бейсенбі-жұма аралығы 21.30-да көрсетіледі.

Қатысты Мақалалар