"Қазақстан тағы да Ресейдің бетіне түкірді"

/uploads/thumbnail/20171030182222417_small.jpg

Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ тілінің гарфикасын латынға көшіру туралы жарлығы шетелдік БАҚ тарапынан, әсіресе ресейлік басылымдарда  резонанс тудырып, қызу талқыға салынды. Украина, Ресей басылымдары бұл жаңалыққа сыни көзқараспен қарап, бірі наразылығын білдірсе, енді бірі қолдады. Алайда, украиналық БАҚ латындандыру саясатын бірауыздан сынаса, солтүстіктегі негізгі көршілеріміздің пікірлері мен көзқарастары бір арнаға тоғыспай, жан-жақа шашырып жатыр. Qamshy.kz ақпарат агенттігі латын әліпбиіне қатысты орыс тілді ортаның пікірін ұсынады.

газета

Ресейдің танымал Газета.ру порталы  «Буквы против духа» мақаласында мынадай пікір айтылыпты. «Қазақстан қыбылдаған реформа  орыс тілінің позициясын әлсірету  тенденциясының тек бір бөлігі ғана»,-деп жазады портал.

ббиз

Business FM басылымы  «Латинице в Казахстане — быть. Алфавит изменят до 2025 года»  мақалсында  латындандыруға байланысты қоғам қайраткері Мұхтар Тайжаннан, Халықаралық экономика және саясат институтының алматыдағы офисінің жетекшісі Асқар Нұршадан  осы мәселеге байланысты пікір алған. 

  Басылым Өзбекстанның латын графикасына көшкенін мысалға келтіре отырып, қазіргі уақытта елдегі мемлекеттік ұйымдар сайттары төрт транскрипцияда (орыс тілі, ағылшын, өзбек тілі латын графикасында, өзбек тілі кирилл гарфикасында) ақпарат ұсынатынын жазады.

НСН

 Ресейдің Ұлттық ақпарат қызметі «Алфавитный дрейф: зачем Казахстану латиница» материалында ТМД елдері институты директорының орынбасары Владимир Жарихин пікір білдірген. Оның айтуынша, латын графикасын енгізу республиканың  қазақтілді азаматтарының өмірін ғана өзгертеді. Ал қалғандары орыс тілін қолдана беретін болады. Сонымен бірге В.Жарихин латындандыру саясатының басты мақсаты Қазақстанның басқа түркі тектес елдермен жақындасу екенін айтады.

    Ресейлік БАҚ-тың көпшілігі Қазақстанның латын графикасын енгізуде лингвистикалық емес, саяси астар жатқанын жазады. Мақала, материалдардың біршамасында осы арқылы Қазақстан Ресейдан алыстап бара жатыр деген ой көптеп кездеседі.

ФБА «Экономика сегодня» басылымы  «Казахстан меняет алфавит по политическим причинам»  атты мақаласында танымал журналдың редакторы Аждор Куртовтан пікір алған.

«Осы арқылы Қазақстанның саяси басшылығы Мәскеуге Ресейдің олардың жалғыз серіктесі емес екенін дәлелдегі келіп отыр. Елдің басқа да альтернативті серіктестері бар екенін айтпақ»,-дейді  А.Куртов.

 

Публицист.ру порталында «Қазақстан тағы да Ресейдің бетіне түкірді. Кім кінәлі?» (Переход Казахстана на латиницу – новый плевок в лицо России. Но кто виноват?)  деген шулы тақырыппен мақала жазыпты.

экономика

 «Ресейдің Сирияның алдында тізе бүгіп қалуынан кейін Назарбаев бірден Қазақстанды орыс әлемінен шығаруды бұйырды. Ресми түрде бұл жай ғана: Қазақстан президенті қазақ алфавитін латындандыруға ұсыныс жасады деп мәлімделді. Тіпті, латын қарпіне көшу тым ұзақ уақытты алады (сондағысы 2 жыл) делінді. Алайда, жағдай айтпаса да түсінікті еді»,-дейді мақала авторы Михаил Делягин.

Оның айтуынша, осыдан 10 жыл бұрын қазақ элитасы қазақ тілін тек тұрмыстық деңгейде ғана қолданатын. Осы жағдайды түзеу үшін Қазақстан қыруар жұмыс атқарды. Мемлекеттік құжат ісі толық қазақ тіліне аударылды. Енді Ресейден алыстаудың екінші кезеңі: латын графикасына көшу қолға алынып отыр.

сөз

  «Ресей үшін бұл өте нашар жаңалық. Себебі тіл графикасы мәдени кодтардың құрылымында үлкен маңызға ие, латынға көшу дегеніміз – Батысқа жол тарту. Осыған қоса, мұндай шешім русофобия мен ұлтшылдық фаторларынан емес, керісінше саналы шешім, мемлекеттік саясат аясында қабылданып отыр. Демек, бұл Қазақстан басшылығының  эмоциясы мен жаңсақтығы емес, стратегиялық, алдын-ала  байыппен қабылданған  шешімі»,-дейді ол.

Лента.ру порталында «Беспредельный Qazaqstan. Казахским националистам не нравится кириллица, но приглянулись российские земли» атты  мақала жарияланған екен. Онда қазнетте таралған Қазақстанның Ресей, Өзбекстан, Қытай елдерінің жерінің бір бөлігін қосып алған карта жайында әңгіме өрбіген. Мақала авторлары мұндай картаның желіде таралуына латын әліпбиіне көшудің қандайда бір қатысы бар дейді.  

«Латын графикасына көшу қазақ тілін модернизациялау проблемасын шешеді-мыс. Республика БАҚ-ы азаматтардың жаңа бастаманы ашық түрде қолдайтындығын білдірген. Қазақстанмен көршілес елдер (Түркіменстан, Өзбекстан) латын графикасына көшсе де, тіл реформасы мемлекеттік іс жүргізуді толық қамти алмаған»,-деп жазады авторлар.

Ресейлік сарапшы мамандардың бір сыпырасы Назарбаевтың латындандыру саясаты Ресеймен араны суыту тәсілі екенін айтып, екі мемлекеттің саяси қарым-қатынасы арасындағы өзгерістер орын алады деп болжайды.   Орталық Азия бойынша сарапшы маман Аркадий Дубнов:

«Назарбаев билікті отырған кезде Қазақстан Ресейден қатты алшақ етпейді. Себебі бізде Еуроодақ бар. Алайда, бұл саясат Мәскеудің құлағына лтын сырға іспетті»,-деп пікірін білдірген.

  Ал, Украина басылымдарының көпшілігі біржақты пікірді ұстанып отыр. Қазақстанның латынға көшуі «орыс әлемінің және Путиннің жеке сәтсіздігі» деген көзқарас білдірген.

Қазақстанның тіл реформасы солтүстіктегі көршілеріміздің ғана емес, АҚШ тарапынан да қызығушылық тудыруда. The New York Times (NYT) басылымы латын графикасының соңғы қабылданған нұсқасына байланысты сауалнама жүргізген.  Көп мамандар соңғы қабылданған нұсқадағы апостровтар санын көріп шошығандықтарын жеткізген.  Халықаралық қатынастар  және түрік зерттеулері  Мичиган университетінің профессоры Тимур Кокаоглудың айтынша бұл нұсқа адамның көзін ауыртып жібереді.

Десек те, қазақ тілінің латын әліпбіне 2025 жылға дейін толық көшіп бітуі қазақстандық лингвистерді көбірек алаңдатып отыр.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар