Қырғызстанда туды еденге төсеген музей басшылығы жауапқа тартылуы мүмкін

/uploads/thumbnail/20180118123135640_small.jpg

Ош қаласындағы «Сулейман-Тоо» музейінің бұрынғы қызметкері Әшірәлі Маразықов Қырғызстан туының еденге төселген суретін жариялады. Оның айтуынша, сурет жөндеу жұмыстары жүріп жатқан музейдегі жертөледе түсірілген.

Маразықов мемлекеттік рәмізді қорлау заңсыз деп, музей басшылығын жауапқа тартуды сұрады.

«Сулейман-Тоо» музейінің директоры Әбдіқайым Қангелдиев бұл оқиға оның басшылыққа келмей тұрып орын алғанын және жауапқа тартылатындай себеп жоқ екенін айтты.

Оның айтуынша, туға қатысты жанжал арыз берген қызметкердің жеке реніштері салдарынан туған.

Айта кетейік, мемлекеттік елтаңбаны немесе туды қорлау әрекеті үшін 10 мың сом көлемінде айыппұл салынып, 40 күннен бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.  

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар