Ақтөбе облысында автобус өртенді: 52 адам қаза болды

/uploads/thumbnail/20180118124957158_small.jpg

Ақтөбе облысындағы Ырғыз аймағында жолаушысы бар автобус өртке оранып, 52 адам қаза болды деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сүйене отырып жазады. 

«2018 жылдың 18 қаңтарында таңғы сағат 10:30-дар шамасында Самара-Шымкент автожолының 1068-ші шақырымында, Қалыбай аулына 10 шақырым жерде Ikarus автобусы жанып кеткен. Көлік ішінде 55 жолаушы және 2 жүргізуші болған. Олардың азаматтығы анықталып жатыр», - деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар Комитетінің ІІМ өкілі Руслан Иманқұлов.

Ол жедел жәрдем қызметшілерінің көмегімен 5 адамның көліктен шығуына мүмкіндік алғанын айтты. Ал қалған 52-сі апат кезінде көз жұмған. Қаралы хабардан соң қазірде психологиялық қызмет көрсететін тікелей жедел желі орнатылды: +7 7132 56-29-62, +7 7132 56-68-85. Оқиға орнында полиция, құтқарушылар, медицина қызметкерлері және психологтар өз жұмыстарын атқаруда.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар