Әлемдегі ең қайсар боксшы атағы Генадий Головкинге бұйырды

/uploads/thumbnail/20180121104703823_small.jpg

The Standing 8 Count твиттері қазіргі және бұрынғы боксшылар арасында түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтады, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sports.kz-ке сүйеніп жазады. 

Басылым журналистерінің пікірінше, ең үздік джеб - Мұхаммед Әлиде, үздік баланс - кіші Флойд Мэйвезерде, аяқпен жақсы жұмыс істейтін боксшы Василий Ломаченко.

Сондай-ақ, басқа да дағдылар аталып өтілді. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өжет боксшы атағына ие болды. GGG рингке 5 мамыр күні қайта оралып, мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) реванш өткізеді деп күтілуде.   

Қатысты Мақалалар