Ақтөбе облысындағы өрт шыққан автобустан қаза тапқан өзбекстандық екі тұрғын Қазандағы түрік компаниясының құрылыс нысанына бара жатқан. Бұл туралы «Өзбекстан Жаңалықтары» хабарлайды.
Жергілікті тілшілер қаза тапқандардың туыстарымен тілдесіп қайтты. Хусниддин Исомиддинов екі немересінен бірдей айырылды. Қария үшін бұл қаза ауыр тиді..
Қаза тапқан жігіттердің үлкені Шохрух Закиров 20 жаста, ал туыс інісі Мухамаддин Хусниддинов 19 жаста.
Шохрух Закиров
Шохрухтың әкесінің айтуынша, ол былтыр түрік компаниясына барып, қомақты қаржы тауып келген. Осы жылы өзімен інісі мен екі досын да ертіп алған.
«Жиендерімнің Ресейге аттанып бара жатқанын олар кетіп қалғаннан кейін бірақ білдім. Ал бейсенбіде автобустың өртенгені жайлы хабар естідік. Онда Шохрух пен Мухаммаддиннің болғанына әлі де сене алмаймын. Ағам мен әпкеме ұлдарының қазасын қалай жеткізерімді ойлап, түні бойы көз ілмей шықтым», - деді қаза тапқан балалардың ағасы Мухаммаддсоли Зиевиддинов.
Мухаммадин Хусниддинов (сол жақта)
Ал жігіттердің бірінің әкесі Тохиржон Рахимовтың отбасына қаралы хабарды учаскелік полицей хабарлағанын айтты. Полицейдің айтқанына сенбеген әке мен ана қаза тапқандардың тізімі жазылған ресми дерек шықпайынша үміттерін үзбеген. Себебі өртенген автобуста отырған Өзбекстанның бір тұрғыны апаттан бұрын басқа автобусқа ауысып, аман қалған.
Қайтыс болған Мухаммидин дәнекерлеуші болып нәпақасын тауып жүрді. Тұрақорған әлеуметтік-экономикалық және спорт колледжін бітірген, тренер болуды армандаған. Каратемен шұғылданып, түрлі жарыстардан жүлделі орындар алып жүрген.
Шохрух та сол колледжің студенті болды. Кейін технология саласы бойынша оқуын жалғастырды. Ол да спортпен шұғылданған.
Туыстарының айтуынша, Шохидон елде жұмыс табылмағандықтан Ресейге кеткен. Тұрақты жұмыс табу да қиын, уақытша табыстармен күнелтуге тура келеді.
Қаза тапқан жігіттердің екі бауыры болған.
Айта кетейік, Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында автобус өртеніп, соның салдарынан 52 адам қаза тапқан. Бес азамат аман қалды, оның екеуі Өзбекстан азаматы болса, үшеуі қазақстандық. Ал қаза тапқандардың бәрі Өзбекстан азаматтары.
Пікір қалдыру