Бұрындары қылмыстық жауапқа тартылған 50 жастағы Алматы облысының К., есімді тұрғыны түзелудің орнына кезекті бір заң бұзушылықтың күдіктісі атанды. Алаяқтық жасап, аңғал азаматтардың сенімін пайдаланып, ірі көлемдегі ақшаны иемденіп кеткен, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Бұл жолы К. соттың алдына алаяқтық әрекеті үшін бармақ. Шенеуніктердің арасында таныстары бар екендігін айтып, адамдарға заңды, азаматтық және қылмыстық мәселелерді шешіп бере алатындығын айтқан. Бірақ, ешқандай да қызмет көрсетпеген. Өзіне хабарласқан әйелдің талас тудырған сұрағын шешіп беру үшін 17 мың доллар талап еткен. Ақшаны алып, уәдесін орындамаған айлакердің үстінен ҚР қылмыстық кодексінің 190 бабы, 4 тармағына сәйкес іс қозғалды»,-деді Медеу ІІД полиция майоры Болат Тотыбаев.
Пікір қалдыру