Түркияның президентін көруді армандаған қыздың видеосы әлеуметтік желіде кеңінен таралды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Йозгат провинциясының кішкентай Айша есімді тұрғыны өз қаласына іс сапармен келген Эрдоғанды көре алмағаны үшін қатты қамыққан көрінеді. Кейін оның «Мен оны көргім келді, бірақ менің арманым орындалмады», - деп жылап тұрған сәтін туысқандарының бірі видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған.
Бұл видео әлеуметтік желіде қызу талқыланғаны соншалық тіпті Түркия президенті бұл видеоны көреді де Айшамен телефон арқылы сөйлеседі. Президент Айшаның мектептегі үлгерімін әсіресе Құран жаттауға деген ынтасын мақтайды. Кейін Айшаның арманын орындау үшін Анкараға кездесуге шақырады.
Реджеп Тайип Ердоған 4 жастағы Айша Ермакпен кездесті. Айша президентке өзінің ата-анасымен бірге келді. Ердоған кішкентай қызға велосипед сыйлады.
شاهد| الرئيس أردوغان يفاجئ طفلة بدعوتها للقائه عقب انتشار فيديو يوثق حزنها العميق وبكائها على إضاعة فرصة الاجتماع به أثناء زيارته لولاية يوزغات.#تركيا pic.twitter.com/DJdKX0ggtz
— ترك برس (@TurkPressMedia) 17 января 2018 г.
Пікір қалдыру