Кеше Мемлекет басшысының Жарлығымен М.Тәжин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалды; Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі болып тағайындалды; Мұхтар Құл-Мұхаммед ҚР Мәдениет және ақпарат министрі қызметіне тағайындалды. Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі болып тағайындалды.
Мемлекет Басшысының Өкімімен:Дархан Қамзабекұлы Мыңбай Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайының директоры қызметіне; Талғат Амангелдіұлы Ермегияев «Астана ЭКСПО – 2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.
Пікір қалдыру