Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Бас келісімге қол қойылды

/uploads/thumbnail/20180201130626663_small.jpg

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссия отырысы өтті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Комиссия жұмысына ҚР Кәсіподақтар федерациясының, Қазақстан Еңбек конфедерациясының, Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының Республикалық қауымдастығының басшылары, сондай-ақ селектор режимінде облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Отырыс барысында мемлекеттің әлеуметтік-еңбек саясаты және  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында ҚР Президенті Н. Назарбаев жүктеген міндеттерге сәйкес еліміздің азаматтары үшін лайықты еңбек жағдайларын жасау мәселелері талқыланды.

Отырыс барысында әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудің негізгі бағыттары бойынша тараптардың келісілген позицияларын анықтайтын Қазақстан Республикасы Үкіметі, республикалық жұмыскерлер бірлестіктері және республикалық жұмыс берушілер бірлестіктері арасында 2018-2020 жылдарға арналған Бас келісімге қол қойылды. Бас келісім аясында қабылданған міндеттемелерді іске асыру бойынша Іс-шаралар жоспары (Жол картасы) қаралды және бекітілді.

Құжатқа әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссияның тараптары қол қойды: Үкіметтен – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Досаев, жұмыскерлер бірлестіктерінен – Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Б. Әбдірайым және Қазақстан еңбек конфедерациясының бас хатшысы – М. Машкенов, жұмыс берушілер бірлестіктерінен – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы А. Мырзахметов, Жұмыс берушілер конфедерациясының басқарма төрағасы Қ. Байкенов, Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының Республикалық қауымдастығының атқарушы директоры, Қазақстан тауар өндірушілері және экспорттаушылар одағының президенті Н. Радостовец.

2018-2020 жылдарға арналған Бас келісім экономиканы технологиялық жаңғырту, бизнес ортаны түбегейлі жақсарту, халықты формалды және өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, адами капитал сапасын, еңбек жағдайлары мен қорғауды жақсарту, сондай-ақ өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты болды.

Анықтама:  ҚР Еңбек кодексінің 152 бабына сәйкес республикалық деңгейде Қазақстан Республикасы Үкіметі, республикалық жұмыс берушілер бірлестіктері және республикалық кәсіби одақтар бірлестіктері арасында Бас келісім жасалады.

Бас келісім әр 3 жыл сайын жасалады. 2017 жылы 2015-2017 жылдарға арналған Бас келісімнің мерзімі аяқталды.

2015-2017 жылдарға арналған Бас келісімде қарастырылған шараларды іске асыру нәтижесінде жалпы әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында көрсеткіштер жақсарды. 

3 жылда еліміздің кәсіпорындарында өндірістік жарақаттану 1,4% азайды. Еліміздің орта және ірі кәсіпорындарында ұжымдық-шарттық қатынастармен қамту 3,1% артты.

Еліміздің 1 400 астам кәсіпорны Халықаралық еңбек ұйымдары (OHSAS 18001, ХЕҚ-ЕҚБЖ) ұсынған қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша стандарттар енгізді.

12 мыңнан астам Өндірістік кеңестер құрылды, олардың құрамына бара-барлық негізде жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің өкілдері кіреді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар