Гималайдағы мола: тау шыңындағы қайғылы жағдай әлемді дүрліктірді

/uploads/thumbnail/20180202171931703_small.jpg

25 ақпанда Элизабет Револь Нангапарбат-қа көтеріліп есімі тарихта қалды. Алайда, қуаныш қайғылы жағдайға ұласты.

Шыңға жеткенде француздық Элизабет Револьдің серіктесі поляк альпинист Томек Мацкевич өзін нашар сезініп, көзі көрмей қалған, тынысы тарылып, қан құсқан, әлі кеткендіктен сол жерде түнеуге тура келді. Бірақ Томек төменге сол күйі түсе алмады. Элизабеттің оны 7200 метр биікте қатты суықта, дауылда қалдыруына тура келді.

Томак

Элизабет Револь 40-градус суықта екі күн далада қонған. Осы екі күнде галлюцинацияға, суыққа, әлсірегеніне қарамастан 2 шақырымға түсіп үлгерді. Онда Элизабетті құтқарушылар тауып алды.

- Тікұшақ бізді 4800 метр биіктікке түсіріп кетті. Бұған дейін ешкім мұндай биікке қонған емес, - дейді құтқарушылардың бірі Денис Урубко.

Құтқарушылар

Француз әйелінің қолы, аяғы үскен. Әсіресе сол аяғы қатты зақымданған. Түнде Элизабет сол аяғындағы аяқ киімді шешім тастаған. Оның көзіне ол аяқ киімін ыстық шайға айырбастағандай көрінген. Бес сағаттан кейін есін жиғанда ыстық шай көзіне елестегенін түсінген.

Элизабет тұманда биікке көтерілгенде Томек күннен қорғайтын масканы кимеген. Шыңға шыққанда көзі мүлде көрмей қалғанын айтқан.  Жылғаға демалуға түскенде Томактың мұрны мен қолы үскенін байқаған. Сонымен қатар, Томак әрең демалып, қан құсқан. Таудың биік шыңына жеткенде көп адамның өкпесі зақымданады. Шұғыл медициналық көмек көрсетілмесе тірі қалуы екі талай.

Элизабет өз өмірін аман алып қалу үшін ауыр әрі сұмдық шешім қабылдауына тура келді. Элизабет Томакты сол жерде жалғыз қалдыруға мәжбүр болды. Бұл шешім - оның өімір сақтап қалды. 

Элизабет

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар