Олимпиаданың үшінші күнгі қорытындысы бойынша Қазақстан 11-орында

/uploads/thumbnail/20180212085134815_small.jpg

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарының үшінші күнгі жалпы есебі бойынша Қазақстан 11-інші орында тұр, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық спортшылардың үшінші жарыс күнгі нәтижелері Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Галышеваны жеңісімен құттықтады. Кеше фристайлшы Юлия Галышева ел қоржынына алғашқы қола медальды салды. Соның нәтижесінде Қазақстан Пхенчхан Олимпиадасында медаль алған 11 мемлекеттің тізіміне енді. Қазіргі көрсеткіш бойынша, бірінші орында Германия құрамасы келеді. Олардың еншісінде 3 алтын, 1 қола медаль бар.

Екінші орында - Нидерланды елінің спортшылары. Олардың қоржынында 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль болса, үздік үштікті түйіндеп тұрған Норвегияда 1 алтын, 4 күміс, 3 қола медаль бар.

Ал Қазақстан медальдық кестеде әзірге 11-інші орынға орналасып отыр. 11-інші орында сондай-ақ еншілерінде бір-бір «қоладан» бар Финляндия, Италия және Олимпиада туы астында өнер көрсетіп жатқан ресейлік спортшылар бар. Олимпиадаға Қазақстаннан 46 спортшы 57 жолдама жеңіп алған болатын: биатлоннан - 10, мәнерлеп сырғанау - 3, шорт-трек - 12, конькимен сырғанау - 12, шаңғы жарысы - 7, фристайл-могул - 4, фристайл-акробатика - 5, тау шаңғы спорты - 2, трамплиннен секіру - 1, шаңғы спорты - 1.   Байрақты бәсекеге 92 елдің спортшылары қатысуда. Олар спорттың 15 түрінен 102 медаль жиынтығын сарапқа салады. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар