Олимпиадада норовирус жұқтырғандардың саны 177 адамға жетті

/uploads/thumbnail/20180212085937676_small.jpg

Олимпиада ойындарындағы норовирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 177 адамға дейін өскен, бұл туралы ұйымдастыру комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сүйеніп. 

11 ақпан күні ауру жұқтырғандардың саны 158 адам болатын. «Жексенбіде аталған вирус 177 адамның бойынан табылған. Соңғы тәуліктің өзінде ғана ауырғандардың саны 19 адамға өскен.

Дертке шаллдыққан 177 адамның 68-і толықтай жазылып, жұмыстарына қайта оралды»,-делінген хабарламада. Норовирус салдарынан Олимпиада қоғамдық тәртібін күзететін 1200 адам жұмыстарынан босатылды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар