Қазақстан халқы 18 миллионннан асты. Жақында елдегі жан санын 20 миллионға жеткізу жоспарда бар. Ол үшін арнайы мемлекеттік жоспар құрылды.
Қазақстандағы туу және өлім көрсеткіші
2017 жылы өлім көрсеткіші 2% азайып, мың адамға шаққанда 7,46% болды. Ал мемлекеттік жоспар бойынша 6,97% болуы қажет еді.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, Қазақстанда әр 83 секундта бір адам дүниеге келеді. Ал әр 228 секундта бір адам өледі.
Қазақстанда жыл басынан бері тірі туғандар саны – 45221 адам.
Өлгендер саны – 17052 адам.
Өлім көрсеткіші елдегі денсаулық сақтау саласының деңгейіне тікелей байланысты. Сарапшылардың пікірінше, қазақстандық әйелдерде көбінесе қан аздық, қан айналым жүйесіндегі ақаулар, эндокриндік жүйедегі аурулар кездеседі. Соның салдарынан, дүниеге сау бала келмей, сәбилер өлі туатын оқиғалар жиі кездеседі. Мұндай дертке шалдыққан әйелдердің босану кезінде қайтыс болу ықтималдығы жоғары.
Статистикалық мәліметке сүйенсек, әйелдердің өлім себебінің 46,0% босану кезіндегі қиындықтарға байланысты.
Ал сәбилердің шетінеуі мына жағдайларға байланысты:
Дәрігерлер жүктілікті жоспарламас бұрын денсаулыққа дұрыс көңіл бөлуге кеңес береді.
2016–2019 жылдарға арналған мемлекеттік «Денсаулық» бағдарламасы Қазақстан азаматтарының және ана мен баланың денсаулығын нығайтуға бағытталған.
Эмигранттар мен иммигранттар
Қазақстанға келіп-кетіп жатқандардың саны 2017 жылмен салыстырғанда көп емес. Былтыр да, биыл да иммигранттар мен эмигранттар санында айтарлықтай айырмашылық жоқ. Статистика комитетінің мәліметіне жүгінсек, 2017 жылы иммигранттар саны - 2 183, эмигранттар саны - 2 408.
2018 жылы Қазақстанға 1 938 иммигрант келді. 458 эмигрант шетке кетті.
Қазақстандағы әйелдер мен еркектер