Канализацияға құлап кеткен ер адам үш күн бойы жер астында түнеген

/uploads/thumbnail/20180217115707412_small.jpg

Британдық ер адам канализацияға түсіп кетіп үш күн бойы кәріз жүйесінен шыға алмай жүрген. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ашық люкке құлап кетіп шыға алмай қалған британдық  үш күн бойы жер астында болған. 48 жастағы тұрғын жер астынан шығудың жолдарын іздеп жүріп барлығы 10 шақырым жаяу жүріп шыққан.

Ер адамның көмекке шақырған даусын естіген тұрғындар полиция шақырған. Зардап шеккен британдық полицияға өзінің канализацияға түсуінің себебін түсіндіре алмаған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар