АҚШ билігі 17 адам атылған мектепті жермен-жексен етпек

/uploads/thumbnail/20180217114714917_small.jpg

Бұрынғы оқушысы 17 адамды атып өлтірген  АҚШ-тың Флорида штатындағы "Марджори Стоунмэн Дуглас" мектебін жергілікті билік күреп тастауға шешім қабылдады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме беріп жазады

Агенттіктің мәліметінше, үш қабатты мектеп ғимаратын сүріп тастау туралы әңгіме мектеп активі және жергілікті билік арасында бірнеше мәрте талқыланған. Флорида штатының заң шығару жиналысының  сенаторы Билл Гальвано ескі ғимаратты күреп тастап жаңа мектеп салуға жұмсалатын шығынды 30 млн доллар көлемінде деп отыр.

"Марджори Стоунмэн Дуглас" мектебіндегі қанды оқиға сәрсенбі күні түстен кейін орын алған. Аталмыш мектептің 19 жастағы бұрынғы оқушысы Николас Круз мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне оқ жаудырған.Ол ішкі тәртіпті бұзғаны үшін осы мектептен қуылған болатын.

Николас Круздың кез келген аңшылар дүкенінде сатылатын және жергілікті полиция қолданатын AR-15 жартылай автоматтандырылған винтовкасымен қаруланғаны белгілі болды. Және одан көп мөлшерде оқ табылған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар