ҚР Білім және ғылым министрлігі ата-аналарды балалары кіретін әлеуметтік желілерді бақылап отыруға шақырды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі
«Құметті ата-аналар, әлеуметтік желілерде балалардың белсенділігін бақылауға алыңыздар! ҚР Білім және ғылым министрлігі жеткіншектердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін ақпараттан қорғау мақсатында ата-аналар қоғамдастығына бұл мәселеге назар аударуға шақырады. Осы орайда балалардың жүріс-тұрысына мән беріп, олар кірген сайттарды қарап отыру ұсынысын жеткіземіз», - деп жазды министрліктің Facebook-тегі парақшасында ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Нұрбек Оршыбеков.
Пікір қалдыру