Пхенчхандағы Олимпиада кезінде медиа қалашықтағы нөмірлердің бірінен корей журналисінің мәйіті табылды, деп жазады aif.ru.
"Медиа қалашықта елу жастағы корей тілшісінің мәйіті табылды, ол Пхенчхандағы Олимпиада кезінде жапон жаңалықтар компаниясына қызмет еткен. Көршісі оятпақ болғанда, еш қимылсыз жата берген. Ал ауруханада дәрігерлер тілшінің көз жұмғанын хабарлады", — деді ұйымдастыру комитетінің өкілі Сон Баик Ю баспасөз мәслихатында.
Пікір қалдыру