Қазақстандық тенисші Зарина Диас Дубайда өтіп жатқан Premier санатындағы іріктеу турнирінің финалында Лесе Цуренкоға екі сетте де есе жіберіп алды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Украиналық қарсыласына Диас ешқандай қайрат көрсете алмады. Кездесу Цуренконың пайдасына 2:0 (6:1, 6:2) есебімен аяқталды.
Естеріңізге сала кетейік, жерлесіміз бұған дейін Цуренкомен екі рет ойнаса да жеңіліп көрмеген болатын. Екеуінің арасындағы жеке кездесулердің есебі 2:1, Зарина Диаста екі жеңіс.
Дубайдағы турнир 25 ақпанға дейін жалғасады. Жарыстың жүлде қоры 733,900 АҚШ доллары.
Пікір қалдыру