Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын жауады, тек республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме беріп хабарлайды.
Кей жерлерінде жел күшейеді, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Республиканың басым бөлігінде тұман сақталады.
Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-20м/с күшейуі күтіледі, Жамбыл облысында екпіні 23-28 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ, желдің 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейуі күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, Атырау облысында көктайғақ күтіледі. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді, Ақмола облысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, желдің 15-20 м/с күшейуі күтіледі.