Египетте археологтар ежелгі мазар тапты

/uploads/thumbnail/20180228084858480_small.jpg

Мысырлық археологтар Каирден 300 шақырым жерден біздің дәуірімізге дейінгі 6-5 ғасырларға тән бұйымдар тапты. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме беріп хабарлайды.

Олардың арасында тастан жасалған 40 табыт және мыңға жуық мүсіншелер бар. Бұл маңайдағы қазба жұмыстары әлі 5 жыл бойы жүргізіледі деп жоспарланған. Мысыр билігі тарихи жәдігерлер саяхатшылардың қызығушылығын арттырып, елге келетін туристер саны көбейеді деген үмітте.

Айта кету керек, туристік сала – Египет халқының негізгі табыс көзінің бірі. Дегенмен араб елдерінде болған төңкерістерден кейін мұнда келетін саяхатшылар саны азайған.

Қатысты Мақалалар