Францияда полиция 30 жыл бойы әйелдерді зорлаған қылмыскерді ұстады. 1988 жылдан бастап қылмыс жасап, әйелдерді зорлап жүрген француз 26 ақпанда ұсталды деп хабарлайды Лента.ру.
Қылмыскер өзінің кінәсін толық мойындап, 40-қа жуық әйелді зорлғанын айтқан. Жасы 50-ге келген ер адам қылмысты жасаудағы себебін өз-өзін ұстай алмағандығы деп түсіндірген. Ол қылмыстарын таңғы уақытта, қараңғы кезде қолына қолғап киіп жасағанын айтқан.
Полиция ер адамды соңғы қылмысынан кейін бірден тауып алған. Бельгия азаматшасы өзін зорлағанын айтып құқық қорғау органдарына шағымданған. Францияда тағы 19 әйел зорлықтың құрбаны болғаны белгілі болды.
Қылмыскердің отасылы, 3 баласы бар екені анықталды. Ол футболист, өзінің тұрғылықты жерінде орналасқан футбол клубының президенті екен. Жақындары мен таныстары оны өте сыпайы адам, жақсы әке және күйеу деген көзқарас білдірген.
Пікір қалдыру