Екінші деңгейлі банктерді қолдау туралы биік мінбелерден көп айтылады. Айтылып қана қоймай, ұлттық қордан қомақты заим да беріліп жатыр. Ал олардың (екінші деңгейлі банктер) қожайындары болса, жер бетінде жоқ өсіммен (20-30%) халықты қанап, ауадан ақша жасап, өз қалталарын қампайтуда...Оларға қаржы беріп қолдау көрсеткен өкімет, неге өсімі туралы шектеу қоймайды?! Осындағы экономист қыз-жігіттер бұл туралы қандай ойдасыңдар? Өз банкі өз халқын аяусыз қанап жатқанда, өкімет неге оларға көз жұма қарайды?! "ұлттық қор" дегеннің өзі түптеп келгенде халықтың өз ақшасы емес пе?!
Дүкен Мәсімханұлы, Facebook парақшасынан