Арыстанбек Мұхамедиұлына бір топ жазушыдан ашық хат

/uploads/thumbnail/20180311142414097_small.jpg

Qamshy.kz ақпарат агенттігінің поштасына бір топ жазушылардан ҚР Мәдениет және спорт  министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына жазылған хат келіп түсті. Хатты назарларыңызға ұсынамыз.

ҚР Мәдениет және спорт министрі

А. Мұхамедиұлына

Құрметті Арыстанбек Мұхамедиұы!

Сіз басқаратын министрлік Қазақстан Жазушылар одағының кезекті құрылтайын өткізуді ұйымдастырып жатқанын білеміз. Ол үшін сізге көп рахмет. Алайда, біздің естуімізше Құрылтай тағы да бұрынғы төраға Нұрлан Оразалиннің 22 жылдан бері қолданып келе жатқан өзіне ыңғайлы сценарий бойынша өткелі жатқаны белгілі болып отыр. Біз бұған үзілді-кесілді қарсымыз. Сондықтан сьезге мынадай өз талаптарымызды қойып отырмыз:

  1. Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының жаттанды, баяғыдан келе жатқан таптаурын есебі жақында өткен пленумда тыңдалып, тиісті бағасын алған. Сондықтан, оған тағы да уақыт бөлудің еш қажеті жоқ.
  2. Сьезд барысында басқарманың жаңа құрамы сайлануы тиіс.

3.Балама негізде Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағалығына өз кандидатурасын ұсынатындар делегаттарды өз бағдарламасымен таныстыруын талап етеміз.

Құрметті Арыстанбек Мұхамедиұлы!

Осы аталған талаптар сьездің күн тәртібіне енгізілуін қадағалауыңызды сұраймыз.

Бір топ жазушылар

Қатысты Мақалалар