«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізілмек. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс айтты.
«Ұлттық банк әзірлеген меxанизмдерді есепке ала отырып, сәуір айында «Нұрлы жер» бағдарламасына өзгерістерді енгіземіз. Аталған өзгерістер «7-20-25» бағдарламасының нормаларын тиімді іске асыруға ықпал ететін болады. Атап айтқанда, тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту нормалары мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің заемдарын беру талаптары қайта қаралады», - деді Ж.Қасымбек.
Сондай-ақ, құрылыс алаңдарына инженерлік-коммуникациялық желілерді тартуға жыл сайын бөлінетін қаржыны 80 млрд теңгеден 100 млрд теңгеге дейін арттыру жоспарланған.
Пікір қалдыру