Президенттің 5 әлеуметтік бастамасына сәйкес шілдеде ипотекалық кредиттерді сатып алатын арнайы ұйымдар құрылатын болады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет отырысында Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 әлеуметтік жобасын іске асыру жөніндегі Жол картасының жобасын таныстыру Тимур Сүлейменовке жүктелді.
«7-20-25 жобасын іске асыру үшін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізуге қатысты болып отыр. Шілде айына дейін арнайы ипотекаларды сатып алатын еншілес ұйымдар құрылатын болады. Сонымен қатар, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша инфрақұрылымды жылына 20 миллиард теңгеге дейін қаржыландыру, оны ұлғайту және 7-20-25 бағдарламасын ескере отырып, оған түзетулер енгізуді құрастыру жоспарланып отыр», - деді Сүлейменов.
Пікір қалдыру