Алматыда марқұмды жерлеуге келген қаралы топ мәйітті жер қойнына тапсыра алмай қорымнан кері қайтты. Себебі, зиратқа иелік еткендер әдеттегіден қомақты қаржы талап етіп, марқұмды жерлеуге рұқсат бермей қойған екен. Ал, амалы таусылғандар мәйітті қайтадан үйлеріне алып кеткендеп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасы дерегін негізге ала отырып.
Қайғыдан қан жұтқандардың айтуынша, тендер арқалы қорымға иелік еткен компания 55 мың теңге ақша сұрапты. Сонда ғана аталарыңды ақтық сапарға алаңсыз шығарып саласыңдар деген. Бірақ, қаралы отбасының ондай қаржы тауып беруге шамасы жоқ дегендер, мұсылмандыққа жат қылық жасағандарға қолданар шара жоқ дейді. Себебі, бұған дейін қорымға төленетін қаржы 10 мың теңгеден аспаған екен. Ал, қорым иесі мен қаралы топ арасында дәнекер болуға тырысқан аудандық атқамінерлер, ақыр соңында жауаптан жалтарып кетті.
— Біздің мұсылманшылық жолда қазып берсе қалғанын туысқандар өздері кіргізіп қояды ғой ішіне, сосын ағайындар ішіне топырақ салады. Бұл кісілер 55 мыңды бостан босқа алып отыр ғой. Сонда жағдайы жоқ адам қабірдің ішіне жата алмайтын болып тұр ғой, дейді марқұмның туысқаны Рысбек Тоқтасынұлы.
Пікір қалдыру