Көктем, жаз айларына арналған ауа райы болжамы

/uploads/thumbnail/20171005082624164_small.jpg

Сәуір жылы әрі жауын-шашынды болады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК ұзақ мерзімді ауа райы болжамы басқарамасының басшысы Гүлмира Ақышева сілтеме жасап.

«Әсіресе айдың бірінші және екінші онкүндігінде күн жылы әрі жауын-шашынды болады. Сонымен қатар, сәуірде жылы және суық күндер алмакезек болатындықтан құбылмалы күн райы күтіледі.

Ең төменгі температура бірінші онкүндіктің соңына қарай болады. Еліміздің солтүстік өңірлерінде ауаның температурасы түнде 5-15 градусқа, күндіз 0-5 градусқа дейін төмендейді. Ал еліміздің оңтүстік бөлігінде ауаның температурасы түнде 5-10 градусқа дейін төмендейді. Сәуірдің ортасы мен үшінші онкүндіктің орта шенінде Орталық Азиядан келетін жылы ауа массаларына байланысты жылы күн райы орнайды. Солтүстік аймақтарда ауа температурасы 15-23 градусқа дейін жоғарыласа, оңтүстікте 20-28 градусқа дейін жылынады. Бірақ сәуір айында ауа-райы әлі де алдамшы болғандықтан, бұндай жылы күндер ұзаққа созылмайды. Үшінші онкүндіктің басында және соңына қарай күн райы қайтадан суыта түседі. Еліміздің солтүстік аймақтарында жауын-шашынды болады. Түнде ауаның температурасы 0-ден төмен, күндіз 5-15 жылылықты көрсетеді. Ал оңтүстік өңірлерде өткінші жауын жауып, найзағай күркірейді. Ауаның түнгі температурасы 5-10 градус жылы, күндіз 15-20 дейін көтеріледі», - деді Гүлмира Ақышева.

Мамыр жылы және жауын-шашынды болады деп күтілуде, тек республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен орталығында жауын-шашын нормадан  аз түседі.

Маусым-шілде айларында республиканың батысы мен оңтүстігін қоспағанда, жауын-шашынның нормадан төмен болуы күтілуде.

Тамызда облыстардың басым бөлігінде, температура 1...20С ыстық болады. Республиканың батыс бөлігін қоспағанда,   ауа температурасы нормаға жақын болады деп күтіледі. Тамызда жауын-шашын мөлшері нормадан төмен, тек Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстанның солтүстігінде, Алматы облысының таулы және тау бөктері аймағында ғана нормаға жуық болады деп күтілуде.

Күз мезгілінің алғашқы күндері ұзақ мерзімді болжам бойынша қолайлы, халық күнтізбесінде «қоңыр күз» деп аталатын ауа-райы күтілуде.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар