7 жастағы балаға қатысты жаңа деректер шықты

/uploads/thumbnail/20180316143513489_small.jpg

Аружан Саин өзінің Facebook парақшасына 7 жастағы баланың ісіне қатысты деректерді жариялады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Аружан Саин заңға сәйкес,  сотқа дейінгі тергеу және сот ересектер мен балаларға жасалған зорлық әрекеттеріне қатысты болғандықтан жабық өтіп жатқанын жазды.

«Кеше ҚР Бас прокуратурада тергеу жұмыстары жүргізілді. Барлығы жабық режимде өтіп жатыр. Тергеу жұмыстары туралы кез келген ақпаратты тек прокуратура өкілі ғана жариялай алады» деп жазды қоғам қайраткері.

Бұған дейін баланың әжесімен байланыста қиындықтар болған еді. Аружан Саинның айтуынша, баланың анасы баланың әжесімен байланыста. Анасы мен баласының қайда екенін жариялауға тыйым салынған. Сонымен қатар, Аружан Саин бала мен оның отбасын қолдап отырғандардың барлығына алғысын білдірді. Қайырымды адамдар отбасы мүшелері мен олардың өкілдерінің жол ақысын төлеп отырғандарын жазды.

«МАҢЫЗДЫ! Заңгердің көмегі мен отбасының заңды өкілдерінің қызметі үшін ешкім  ақша жинап жатқан жоқ» дейді Аружан Саин.

Бұған дейін де Аружан Саин 7 жастағы баланың ісіне қатысты тың деректерді жариялаған. 

Айта кетейік, Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова 7 жастағы ОҚО тұрғынына қатысты сот-медициналық сараптама 2018 жылдың ақпан айында жасалғанын хабарлаған. 

Сараптаманың ақпанда жүргізілгенін ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Нұрбек Оршыбеков те растаған.

«Алғашқы өтініш 15 ақпанда келді. Сол уақыттан бері біздің комитет ОҚО білім департаментімен байланыста. Өтініш білім басқармасынан келіп түсті» деді Асылова.

Вице-министр ведомстваның кеш ақпараттанғаны білім департаментінің жауапкершілігінде екенін айтты.

«Барлық сараптама жүргізіліп болғаннан кейін бұл мәселені жай қалдырмаймыз», - деді вице-министр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар